$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.03.2020, 19:02
Қоғам

Полиция коронавирус жұқтырған болуы ықтимал 47 адамды іздеп жатыр

Барлығы 3800 адамды табылды 

Полиция коронавирус жұқтырған болуы ықтимал 47 адамды іздеп жатыр

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ел бойынша коронавирус инфекциясы ошақтарын оқшаулау бойынша жүргізілген жұмыстарды баяндады. Оның сөзінше, 31 нысан қоршалған. Олар – тұрғын үйлер, жекелеген подъездер, жатақханалар.

«Ауру жұқтырған болуы мүмкін азаматтарды ауруханаға жеткізу бойынша да жұмыстар істеп жатырмыз. Денсаулық сақтау ұйымдарының өтініші бойынша 3800 адамды таптық. 47 адамның мекен-жайы іздестірілуде», - деді Е.Тұрғымбаев.

Министр жағдайдың оңай емес екенін түсінетін уақыт жеткенін айтып, жұртты сабыр сақтауға, саналы әрекет етуге шақырды.

«Шектеу мен карантин жариялау – вирустың жаппай таралмауы үшін жасалған қадам. Қазір азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін алдыңғы шепте жүргендер – дәрігерлер, полицейлер және әскерилер. Бәріміз бір-бірімізді қолдап, әлемге төнген қауіппен бірге күресуіміз қажет», - деді ол.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары