ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 820 адам коронавирус жұқтырған

42 500 теңге алатын азаматтардың санаты кеңейтілді

Президент республикалық телеарналар арқылы мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа республикалық телеарналар арқылы жасаған мәлімдемесінде Үкіметке 42 500 теңге көлеміндегі көмекті алатындардың санатын кеңейтуді тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Енді 42 500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын. Соған орай бұл қолдауға өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі», - деді Президент.

Ол өз сөзінде азаматтардың табысынан айырылмауы маңызды екенін атап өтті.

«Мен бұған дейін дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым. Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынадай қосымша шешім қабылдадым: инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және АӘК 10 пайызға индексациялауды тапсырдым. Осыған орай аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінеді», - деді Тоқаев.

Сонымен қатар Президент 800 мың адам тұрмысқа қажет заттар мен азық-түлікті тегін алатынын айтты. Оның ішінде бұл көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да ала алады.