$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.03.2020, 17:43
Қоғам

Қызылордада бір отбасының 8 мүшесі коронавирус жұқтырды

Науқастардың үшеуі – 14 жасқа дейінгі балалар

Қызылордада бір отбасының 8 мүшесі коронавирус жұқтырды
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жаңа 10 адам тіркелді. Осылайша, облыс аумағында қауіпті індет жұқтырғандар саны 18 адамға жетіп, республика бойынша 3-ші орынға шықты.

Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов өңірде коронавирус жұқтырған соңғы науқастар Жаңақорған ауданында тіркелгенін айтты. Олардың барлығы бұған дейін қауіпті инфекция анықталған науқаспен байланыста болып, оқшауланып, карантинге алынған азаматтар арасынан анықталыпты. Барлық науқас жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгін коронавирус табылған 8 азамат – бір отбасы мүшелері. Олар – 6-45 жас аралығындағы адамдар. Соның ішінде, үшеуі – 14 жасқа дейінгі балалар.

Еске салайық, бүгін коронавирустан Нұр-Сұлтан тұрғыны көз жұмды. Бұл – Қазақстандағы екінші өлім оқиғасы. Бұған дейін астаналық ауруханалардың бірінде ем қабылдаған Ақмола облысының тұрғыны көз жұмған болатын.

Серіктес жаңалықтары