Астанада жеке сот орындаушылары 87 балаға төленген алиментті жымқырған

Олар барлығы 5 млн теңге қаражатты иемденіп кеткен

Астанада жеке сот орындаушылары 87 балаға төленген алиментті жымқырған
фото: gettyimages.com / Audtakorn Sutarmjam / EyeEm

Астана қаласының прокуратурасы қызметтен шеттетілген жеке сот орындаушыларының қаражаттарды жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың мәліметінше екі жеке сот орындаушысы, қызметтері тоқтатылғанына қарамастан, алты ай бойы 87 балаға алимент төлеуге арналған ақшалай қаражатты иемденген.

«Мысалы, жеке сот орындаушысы 2-топтағы мүгедек әкенің әлеуметтік жәрдемақы есебінен балалар үйіндегі екі баласына аударған алимент төлемдерін жымқырған. Тағы бір жеке сот орындаушысы қайтыс болған алимент төлеушінің банктік шоттынан ақшаны шешіп алып, оны өзінің қалауымен жұмсаған. Жалпы олар 5 млн теңге қаражатты жымқырған», - деп атап өтті ведомство өкілі.

Бүгінге дейін, прокурорлардың араласуынан кейін 34 балаға залал өтелді, қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда.

Алаяқтық және өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.