Пойыздар енді кешікпейді. «Жолаушылар тасымалы» жаңа кесте дайындап жатыр
Жолаушылар пойызындағы екі стандартты вагондар Тальго вагондарымен ауыстырылады
Пойыздар қозғалысының «пакеттік» кестесі 2023 жылдың 10 желтоқсанынан бастап енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар пойыздары үшін жаңа «пакеттік» кесте дайындап жатыр.
Астана-Шу-Астана учаскесінде Тальго вагондарын тіркеген 4 жолаушылар пойызы 20 минут аралықпен жүреді. Олар:
1.
№3/4 Астана – Алматы;
2.
№9/10 Астана – Алматы;
3.
№71/72 Астана – Шымкент;
4.
№85/86 Астана – Шымкент.
«Жолаушылар пойыздарының жаңа кестесі тәуліктің күндізгі уақытында 6 және одан да көп сағатқа созылатын жөндеу-жол жұмыстары кезінде пойыздардың кешігу мүмкіндігін азайтады», - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ жолаушылар пойызындағы екі стандартты вагондар Тальго вагондарымен ауыстырылады.
1.
№9/10 Астана – Алматы;
2.
№71/72 Астана – Шымкент.
Бұл пойыздардың жүру уақыты әр бағытта 3 немесе одан да көп сағатқа қысқарады.
Пойыздар қозғалысының «пакеттік» кестесі 2023 жылдың 10 желтоқсанынан бастап енгізіледі деп жоспарланып отыр.