$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.10.2023, 21:07
Қоғам

Талдықорғанда оқушы қыз жездесінен жүкті болып қалды

Мектеп оқушысы баланың әкесі әпкесінің 21 жастағы жұбайы екенін айтады

Талдықорғанда оқушы қыз жездесінен жүкті болып қалды

Талдықорғанда мектептердің бірінде дау бұрқ етті. 15 жасар қыздың жүкті екені жоспарлы тексеру кезінде белгілі болды, оның үстіне ол баланың әкесі әпкесінің күйеуі екенін айтқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Жетісу облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Медициналық тексеруден өту кезінде оқушы қыздың екіқабат екені анықталды. 

Мектеп оқушысы баланың әкесі әпкесінің 21 жастағы жұбайы екенін айтады. Тоғызыншы сынып оқушысының жүктілігі туралы ешкім білмеген. Бірақ колледжге түсу кезінде қыз медициналық тексеруден өтуге мәжбүр болады, сол кезде оның жүктілігі туралы дәрігерлермен қатар полиция да біледі.

«Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша тіркелді (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер). Іс материалдарында күдікті адам ретінде кәмелетке толмағанның 21 жастағы туысы деп көрсетіледі. Қылмыстық істің тергеу барысы облыстық тергеу басқармасының ерекше бақылауында», - деді Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.

 

Серіктес жаңалықтары