$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2023, 20:48
Қоғам

Қарағанды-Астана тас жолында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Қарағандыдан Астанаға қарай бағыт алған «Ford Ranger» автокөлігінің жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, рөлге ие бола алмай қалған

Қарағанды-Астана тас жолында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты
Фото: Zakon.kz

Жантүршігерлік жол апаты 9 қазанда сағат 15.00 шамасында Қарағанды облысы, Осакаров ауданынан 50 шақырым қашықтықта «Қарағанды-Астана» тас жолында орын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағандыдан Астанаға қарай бағыт алған «Ford Ranger» автокөлігінің жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, рөлге ие бола алмай жол жөндеп жатқан жұмысшыны қағып, содан кейін жол шетінде тұрған КАМАЗ-ға соғылған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жұмысшы, «Ford Ranger» автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің ішінде болған үш жолаушысы оқиға орынында қаза тапты. 

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді Қарағанды облысының ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауды еске салады.

Серіктес жаңалықтары