ШұғылCOVID-19: 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Қашықтан оқыту мұғалім жалақысына әсер ете ме

Министрдің бұйрығы

Елде оқушылар мен студенттерді қашықтан оқыту жүйесіне көшуіне байланысты ұстаздардың жалақысы өзгере ме деген сауалға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов жауап берді.  

«Қашықтан оқыту жалақыға әсер етпеуі керек. Себебі, мұғалімдер бұрынғыдай жұмыс жүргізеді. Тіпті, жұмыс көлемі артып та кетті. Сондықтан жалақы өзгермесін деп бұйрыққа бекіттік», - деді министр.

Министр жекеменшік мектептер мен колледжердің төлемақысы да қатты өзгермеуі керек деп санайды.

«Сабақ қашықтан болса да, өтеді ғой. Мұғалімдерге жалақы төлеу керек. Соманың көлемі қатты азаймады деп ойлаймын. Бірақ бұл мәселені екіжақты келісім арқылы шешуге болады. Себебі, тамақтану сияқты шығындарға енді ақша кетпейді», - деп айтты бұл жайында А.Аймағамбетов.

Министр оқушылар көктемгі демалысқа ерте шыққанымен, жазғы демалысты қысқарту әзірге жоспарда жоқ екенін айта өтті.

Еске салсақ, 6 сәуірден Қазақстандағы оқушылардың 100 пайызға жуығы төтенше жағдайға байланысты үйден сабақ оқиды.