$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында ауруханалардың қарызы 3,6 млдр теңгеге жеткен

Әсіресе, Қостанай және Рудный қалалық ауруханалары мен облыстық балалар ауруханасының жағдайы мүшкіл

Қостанай облысында ауруханалардың қарызы 3,6 млдр теңгеге жеткен
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қостанай облысында медицина мекемелері қарызға белшесінен батып жатыр. Жыл басынан бері олардың коммуналдық төлемдер, дәрі-дәрмек пен азыққа берешегі 3 млдр 600 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.  

Әсіресе, Қостанай және Рудный қалалық ауруханалары мен облыстық балалар ауруханасының жағдайы мүшкіл. Бұл мекемелерде жоғары технологиялы қымбат оталар жасалады. Бірақ сақтандыру қорынан төленетін қаржы олардың шынайы құнын өтемейді. Жалпы аурухана табысының 85 пайызы жалақыға жұмсалады. Қарызды өтеуге көмек ретінде жергілікті бюджеттен 700 млн теңге бөлінді. Ал мәселені түбегейлі шешу үшін мамандар аурухана жұмысын ықшамдауға тырысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары