$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2023, 11:09
Қоғам

Үкімет сағаты: Ажар Ғиният медицина мәселелерін айтты

Медициналық қызметкерлер төмен тарифтер және ТМККК пакеттерінің күрделі тізімі мәселесімен күресіп келеді

Үкімет сағаты: Ажар Ғиният медицина мәселелерін айтты
Фото: primeminister.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС проблемалары туралы айтты. Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің проблемалық мәселелері туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Министрлік саладағы ахуалды үнемі талдап отырады. Бүгінгі таңда халық, медициналық қызмет көрсетушілер және мемлекет тарапынан денсаулық сақтау жүйесіне қатысты өзекті мәселелер айқындалып, оларды шешу бойынша шаралар әзірленді. Халықтың негізсіз үміттеріне әкелетін проблемалар бірінші кезектегі мәселе болып табылады, бұл - медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі», - деді ол.

Медициналық қызмет көрсетушілер де проблемаларға тап болады. Олардың негізгілері: төмен тарифтер, Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және МӘМС пакеттерінің күрделі тізбелері, кадрлардың тапшылығы және медициналық ұйымдардың шамадан тыс жүктелуі, дәрігер мамандығының беделінің жеткіліксіздігі, деп атап өтті министр.

«Сонымен бірге, Мемлекет бюджетке артық жүктеме әкелуі мүмкін денсаулық сақтауды қаржыландыруды басқарудың тиімділігінің жеткіліксіздігіне назар аударады», - деп түйіндеді ол.

Сондай-ақ, азаматтардың денсаулыққа жұмсайтын қалта шығыны жайлы айтылды.

«Дамыған елдерде, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде денсаулық сақтаудың қазіргі шығындары жалпы ішкі өнімнің шамамен 10,2 пайызын құрады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы экономикасы дамушы елдерде медицина жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жалпы ішкі өнімнің 5 пайыздан 8 пайызға дейінгі көлемін жұмсауды ұсынды», - деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде денсаулық сақтауға арналған қалта шығындары жалпы шығындардың орта есеппен 16,9 пайызын құраған.

«Ал Қазақстанда оның көлемі 31,1 пайыз шамасында. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша бұл көрсеткіш 20 пайыздан аспауы тиіс. Әлем елдердегі жарналар мен аударымдар да түрлі деңгейде. Бұл тұрғыда біздегі жарналар ең төмен саналады, яғни 5 пайызды құрады (жұмыс берушінің 3 % және қызметкердің табысының 2 %, мемлекет 2-3% құрайды)», - деді министр.

Сымбат ҒАЛЫМЖАН

Серіктес жаңалықтары