Елордада 10-нан аса коронавирус ошағы бар – Көлгінов
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен тағы 1 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қалада 10-нан аса коронавирус ошағы барын хабарлады.
«Бізде ошақтар бар. Ол – автобус паркі, медициналық ұйым, жатақхана, офистар. Барлығы 10-нан аса нысанды біз қоршап, тазаладық, карантинге алдық. Дезинфекциядан кейін дәрігерлер рұқсат берсе, ашуға болады. Подъездерге дедезинфекция жасап жатырмыз. Мысалы, сол жерден коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған бір адам табылса, сол подъезді бірнеше күнге жауып тастаймыз», - деді А.Көлгінов «Tengri News» сайтының тікелей эфирінде.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда №1 автобус паркі, Сәдуақасұлы көшесі бойындағы жатақхананың карантинге жабылғаны туралы хабарланған болатын.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан