$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оқушылардың әлімжеттік, тіпті, зорлық көрсетуі тыйылмай отыр – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ мектептеріндегі буллингке қатысты пікір білдірді 

Оқушылардың әлімжеттік, тіпті, зорлық көрсетуі тыйылмай отыр – Президент
Фото: smi24.kz

Мемлекет басшысы Республикалық педагогтер съезінде мектептегі қауіпсіздік мәселесі жөнінде айтты. «Мектепте балалар өздерін қай жағынан да жайлы сезінуі керек. Бөгде адамдардың мектепке кіруіне жол беруге болмайды», деп ескертті.  

Ақорданың баспасөз қызметінің 5 қазандағы мәліметі бойынша, президент білім ошақтарының бәріне дабыл қағу, бейнебақылау жүйесі орнатылатынын айтты. 

Жақында Астана мектептерінің бірінде оқыс оқиға болды. Оқушы ауыр жарақат алды. Бұл жағдай білім ошақтарында қауіпсіздік талаптары толық сақталмайтынын көрсетіп отыр. Әсіресе, көп жыл бұрын салынған ескі мектептер талапқа сай емес. Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, мектептердің қауіпсіздігін толық тексеруі керек. Сондай-ақ, жаңа мектептердің жобасын жасағанда бұл мәселе мұқият ескерілуге тиіс, деді Президент.   

«Өкінішке қарай, оқушылардың бір-біріне әлімжеттік, тіпті, зорлық көрсетуі тыйылмай отыр. Соның кесірінен олар өз-өзіне қол жұмсауға, яғни суицидке дейін баруда. Буллинг балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына және олардың жан дүниесіне орны толмас зиянын тигізеді. Сондай-ақ, оқу үдерісіне кері әсер етеді. Балалардың әлеуметтік ортадан шеттеп қалуына, ой-санасының бұзылуына әкеп соқтырады. Мемлекет баланың құқығы мен қауіпсіздігінің қорғалуын қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, буллингке біржола тосқауыл қоюы қажет», - деді Президент.

Еске салайық, Астанада Республикалық педагогтер съезі басталды.

Алматыдағы элиталық мектепте зорланған 1-сынып оқушысының ата-анасы қысым жасалып жатқанын айтты.

Бұл оқиғадан бөлек, Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды.

Авторы: Сымбат ҒАЛЫМЖАН 

Серіктес жаңалықтары