$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы мектебінде зорланған 1-сынып оқушысының ата-анасы қысым жасалып жатқанын айтты

Олар тағы да бейнеүндеу жариялады

Алматыдағы халықаралық мектепте зорлыққа ұшыраған 1-сынып оқушысының ата-анасы мектеп тарапынан қысым жасалып жатқанын мәлімдеп, бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Kozachkov offside Телеграм-арнасында жарияланған бейнежазбада баланың анасы мен әкесі мектеп директорынан аталған оқиғаға қатысты жалған ақпараттар таратпауды сұрайды.

«Құрметті қазақстандықтар! Біз ажырасып жүрген болсақ та, отбасымызда болған қайғылы жағдайға қатысты бірге күресетін боламыз. Мектеп директоры Логинова ханым, жұртшылық пен полицияны адастыруды, сондай-ақ отбасымыздың абыройы мен намысына нұқсан келтіруді доғарыңыз! Әйтпесе жеке өзіңізді сотқа береміз», – деп мәлімдеді ата-ана.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде көмек сұрап, бейнеүндеу жариялаған әйел Алматыда орналасқан Халықаралық мектепте 7 жасар ұлын әлдекімдердің зорлағанын айтқан еді. Аталған оқиғаға полиция, сондай-ақ Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл пікір білдірген болатын. Сонымен қатар ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев әзірге аталған қылмыстық іске қатысты күдіктілердің жоқ екенін мәлімдеді.  

Серіктес жаңалықтары