$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

№172 мектепте төменгі сынып оқушыларының арасында қызылша анықталған

Алматыда оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды
Фото ашық дереккөзден

Алматыдағы мектептердің бірінің бастауыш сынып оқушылары қызылшаның өршуіне байланысты қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, №172 мектепте төменгі сынып оқушыларының арасында қызылша анықталған. Сондықтан, мектеп ұжымы санитар дәрігерлермен оқушыларды 16-қазанға дейін қашықтан оқыту туралы шешім қабылдаған. Балаларға онлайн білім алу үшін қажет компьютерлік техникамен және интернет-ресурстармен қамтамасыз етілді дейді білім басқармасы.

"№172 мектеп директоры ұсыныстарды ескеріп, инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін инкубациялық кезең аяқталғанға дейін барлық бастауыш сынып оқушысын (1-4) онлайн оқытуға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балалар онлайн оу үшін қажет компьютерлік техникамен және интернет-ресурстармен қамтамасыз етілген", - делінген басқарма хабарламасында.

Әкімдік өкілдері қаланың басқа мектептерінде жағдай тұрақты және эпидемиологтардың бақылауында екенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары