Алматыда жекеменшік мектепте 1-сынып оқушысы зорланған: полиция пікір білдірді
ПД істің ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді
Алматының халықаралық мектебінде жеті жасар баланың зорланғаны жайлы «НеМолчи» қоғамдық қоры хабарлады. Қордан жәбірленушінің анасы көмек сұраған, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Қордың хабарламасында айтылғандай, баланың анасы қорға 13 қыркүйекте жүгінген.
«Ол ұзақ уақыт бойы БАҚ-қа шығудан тартынып, жариялылықты қаламады. 2 апта өтті. Бұл уақыт полицияның тергеу жүргізіп жатқанына, сараптамаға қаулы беріп, осы сараптаманы жүргізіп жатқанына көз жеткізу үшін жеткілікті», - деді қордың басшысы Дина Таңсәрі.
Қала полициясы бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.
«Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды», - деді Алматы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.
Сондай-ақ қылмыстық іс ҚР ҚК 121-бабы 3-бөлігі бойынша Бостандық ауданы жанындағы бөлімде тергеліп жатқаны айтылды.
«ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді», - деп қорытындылады полиция.
Бұған дейін баоаның анасының видеосы әлеуметтік желіде жарияланғанын жазеан болатынбыз.