$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.10.2023, 11:03
Қоғам

Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарып жүргендер жауапқа тартылды

Қазіргі кезде 17 тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарып жүргендер жауапқа тартылды
Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының прокурорлары алимент төлемегені үшін облыс бойынша 65 жергілікті тұрғынды әкімшілік жауапқа және 18 тұрғынды қылмыстық жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Талдау барысында 1,4 млн теңге берешегі бола тұра, табыс көзін жасырып және алимент төлеуден бірнеше жыл бойы жалтарып жүрген «Н» есімді азамат анықталды.

Әкімшілік сотпен азамат «Н» әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп табылып, 2 тәулікке қамаққа алынды.

«Сонымен қатар прокурорлармен 3 баланың әкесімен ата-аналық міндеттерін тиісті түрде орындамай, алимент төлеуден жалтару фактісі анықталды. Көрсетілген тұлға тұрақты табыс көзінің болуына қарамастан 3,3 млн теңге алимент берешегін төлеуден жалтарып жүрген. Қалалық сотпен «Ф» есімді азамат Қылмыстық кодексінің 139-бабымен кінәлі деп табылып, оған қатысты 100 сағат қоғамдық жұмыс және 1 жыл бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарылды», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында

Бұдан бөлек, алимент төлеуден жалтарып жүрген 17 тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Прокуратура бұдан бұрын бірнеше рет алимент төлемеудің құқықтық салдары туралы ескерткен және азаматтарды өздерінің ата-аналық міндеттеріне адал қарауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары