Кезекте тұрған тұрғындар баспананы 10-15 жыл күтпеуі керек - министр
Қанат Шарлапаев кезекке тұру цифрланатынын айтты
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында тұрғындардың баспана кезегінде тұруы жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Баспана кезегінде тұрып, қайтыс болған тұрғындарға тоқталайын. Мұны тексеру керек. Мысалы, егер адам қайтыс болды, бірақ мұрагерлері бар дейік. Заң бойынша оларға үйге иелік ету құқығы беріледі. Бұл енді бөлек талқылайтын мәселе», - деді Қанат Шарлапаев.
Министрдің айтуынша, өткен аптада тұрғын үй кезегін оңтайландыру бойынша Үкімет заңнамаға енгізілген түзетулерді талқылап, Мәжіліске жіберген.
«Қазір ең көп талқыланатын нұсқа – «Отбасы банкі». Үй кезегі бойынша әкімшілікпен айналысады. Бұл кезекке тұру процесі толығымен цифрландырылады. Біз тұрғын үйді кезекте тұрғандарға тарататын тұрғын үй комиссиялары сияқты барлық шешімдерден бас тартқымыз келеді. Түсінікті әрі нақты ережелердің болғанын қалаймыз. Мысалы, біз қабылдайтын түзетулердің бірі адамдардың 20 жыл тұрғын үй кезегінде тұрмауы. Келесі бір түзету бір жыл ішінде алдымен басым топтарды тұрғын үймен қамту. Адамдар үй кезегін 10-15 жылдап күтпеуі керек», - дейді ведомство басшысы.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ