Шымкентте 200 гектарға жуық жер заңсыз пайдаланылып отыр

Azattyq Rýhy

Құжаттары рәсімделмеген жерлерге үйлер мен уақытша тұратын баспаналар салынып кеткен

Шымкентте 200 гектарға жуық жер заңсыз пайдаланылып отыр
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте 200 гектарға жуық жер заңсыз пайдаланылып отыр. Мұндай дерек әуеден жүргізілген мониторинг кезінде анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Құжаттары рәсімделмеген жерлерге үйлер мен уақытша тұратын баспаналар салынып кеткен. Енді әкімдік нысандарды сүріп тастауға құқылы. «Жерді заңсыз иеленуге жол жоқ» жобасы аясында мемлекеттік қызметшілер мен прокурорлар қала құрылысына сараптама жасауды жалғастырады. Оның бәрі жаңа технологиялар көмегімен жүзеге асады. Сол сияқты мегаполисте, жерді заңсыз сату жағдайлары да тіркелген. Тұрғындар жер телімдерін тиісті құжаттарды рәсімдемей-ақ ала берген. Осы орайда 2 адамға қатысты тергеу амалдары басталды.

 «175 құрылыс нысаны бұзылды десем, соның көпшілігі Абай ауданында бұзылған. Жер учаскесі рәсімделмеген құрылыстар, оның ішінде уақытша салынған мынау халық арасында «времянка» деп айтылады ғой, сол уақытша салынған құрылыстарға баса назар аударылды. Себебі азаматтардың көбіне ойлары құрылыс салып қойсақ, заңдастыруға мүмкіндік туады деп тұжырым жасайды. Ол қате тұжырым деп ескерткім келеді», - деді сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Алмас Қамбаров.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.