Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Azattyq Rýhy

Істі алқабилер қарады

Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Фото: Tengrinews

Алматыда әйелдің басын базарға тастап кеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Істі алқабилер қарады. Сот үкімімен, сондай-ақ алқабилердің шешімімен айуандықпен өлтірді деп айыпталған 61 жастағы азамат 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 12-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», - деді судья Мәртпек Кәкімжанов.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға биыл көктемде болған еді. Алматыдағы базарлардың бірінен пакетке салынған бас табылып, дүйім ел шулаған. Марқұм 1976 жылы туған әйел. Оның мәйіті базар жанындағы қараусыз ғимараттың маңынан табылды. Кейінірек 61 жастағы күдікті ұсталды. Қазір оның үстінен «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Қылмысы дәлелденсе, Иманқосов кемі 15 жылы немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.