Еңбек министрлігі арнайы әлеуметтік төлемдер туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Azattyq Rýhy

55 жастан бастап тағайындалатын арнайы әлеуметтік төлемдер үшін 7 жыл еңбек өтілі болу керек деген ақпарат жалған

Еңбек министрлігі арнайы әлеуметтік төлемдер туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

55 жастан бастап тағайындалатын арнайы әлеуметтік төлемдер үшін 7 жыл еңбек өтілі болу керек деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

БАҚ-та, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан зиянды жағдайларда жұмыс істеген азаматтарға алдағы уақытта 55 жастан бастап тағайындалатын арнайы әлеуметтік төлемдер үшін 7 жыл еңбек өтілі болу керек деген ақпарат жалған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 22 қыркүйекте премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың 55 жастап бастап зиянды жағдайларда жұмыс істегені үшін арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша журналистердің сауалына берген жауабы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр.

БАҚ-та жарияланған ақпарат бойынша «Зиянды жағдайларда жұмыс істегені үшін өтілі 7 жылдан кем болмау керек» деп көрсетілген.

«Қазіргі таңда арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылатын шарттардың бірі ретінде жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 7 жылдан кем емес міндетті кәсіби төлемдердің болуы қарастырылуда. Бүгінгі күні мүдделі мемлекеттік органдармен, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерімен бірлесіп, осыған қатысты тәсілдердің қарастырылып жатқанын хабарлаймыз», - деп мәлімдеді министрлік.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.