Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды
Президенттің Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ғауез Нұрмұхамбетов 2002 жылғы қазаннан бастап Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі қызметін атқарды. 2008 жылғы қаңтардан бастап Қостанай қаласының әкімі болды. 2009 жылы Қостанайдағы «Достастық» ЖШС бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2011 жылғы маусымнан 2012 жылғы ақпанға дейін Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі қызметін атқарды. 2012 жылғы ақпанда қайта Қостанай әкімі болып тағайындалды. Ал 2014 жылы бұл лауазамынан босатылды.