$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.09.2023, 15:47
Қоғам

Төреғали Төреәлі жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынуы мүмкін

Сотта жазда әншінің қатысуымен болған даулы оқиғаның тағы бір материалы қаралып жатыр

Төреғали Төреәлі жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынуы мүмкін

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Т.Әлихановқа (Төреғали Төреәлі) қатысты қылмыстық іс қаралуда. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қылмыстық іс билік өкілін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша (ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігі) қозғалған.

Аталған бап сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді.

Еске сала кетейік, осы жылдың 14 маусымында Төреғали Төреәлі Алматы көшелерінің бірінде жол ережесін өрескел бұзып, тәртіп сақшыларына қарсылық танытқан еді.

Бұдан кейін танымал әнші Төреғали Төрәлі полицияның заңды талабын орындамағаны үшін қосымша әкімшілік жазаға тартылған еді.

Серіктес жаңалықтары