$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.09.2023, 23:08
Қоғам

Талғар ауруханасында медицина қызметкерлерін соққыға жыққандар 12 жылға қамалуы мүмкін

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

Талғар ауруханасында медицина қызметкерлерін соққыға жыққандар 12 жылға қамалуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысының полициясы Талғар қаласында медицина қызметкерлерін ұрып-соққан күдікті екі адамды уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Ернар Сайдильдин қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Ернар Сайдильдин.

Еске сала кетейік, кеше Талғар аудандық ауруханасында әкесінің қайтыс болғанын естіген ұлдары медицина қызметкерлеріне күш көрсетіп, марқұмның денесін рұқсатсыз алып кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары