$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Туған жерге тағзым»: Ақтөбе облысында кәсіпкерлер медициналық пункт салып бермек

Қазіргі таңда Өтек ауылдық округінде 54 шаруа қожалығы мен 16 жеке кәсіпкер тіркелген

«Туған жерге тағзым»: Ақтөбе облысында кәсіпкерлер медициналық пункт салып бермек

Ақтөбе облысында бір топ кәсіпкер өздері түлеп ұшақан ауылға медициналық пункт салуға бастамашыл болды. Ауыл адамдарына дәрігерлік көмек көрсететін шағын ғимараттың жобасын әзірлеуге де қаржы шығарған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қобда ауданына қарасты Өтек ауылдық округінде халық түгелге жуық кәсіппен айналысады. Бір ғана ауылдың өзінде 54 шаруа қожалығы мен 16 жеке кәсіпкер бар. Әкімдік пен белсенді тұрғындардың бірлесе жұмыс жасауының арқасында ауылға барынша қолайлы жағдай жасауға болады деп санайды өңір әкімі. Өтек ауылы облыс орталығынан 165, Жарсай ауылы 195 шақырым қашықтықта. Бірақ, жердің шалғайлығына қарамастан қиырдағы ауылда атқарылып жатқан жұмыс аз емес.

«Өтек ауылы 580 тұрғыны бар шағын ауыл. 2020 жылы ауылға ұялы байланыс жүйесі орнатылды, 2021 жылы шағын футболға арналған спорт алаңы салынса, былтыр мектеп күрделі жөндеуден өтті. Биыл Өтек ауылына апаратын аудандық маңызы бар 14,8 шақырым жолға асфальт төселді. Онымен қоса, Өтек ауылы ішілік Астана көшесі 2 шақырым асфальт төселді. Ауылға кіреберісте жыл сайын көктемде су шайып кететін су өткізгіш арна қалпына келтірілді. Ендігі кезекте ауыл ішіне заманауи жарықтандыру және жаңа медициналық пункт салу жоспарланды», - деді Қобда ауданы Өтек ауылдық округінің әкімі Өмірсерік Бауыржанұлы. 

Қобда ауданыдағы проблемалардың шешілуі мәслихат депутаттары мен АMANAT партиясы тарапынан үнемі бақылауда. Ауыл тұрғыдарына арналған воркаут алаңы мен сквер де бар.  Алдағы жылы Есет батыр көшесін жаңалау жсопарланған.

«Өтек ауылына жаңа медициналық пункт «Туған жерге тағзым» жобасы аясында ауыл азаматтарының көмегімен әзірленуде. Олар биыл бір миллион теңге бөліп, жобасы әзірленді. Жобаның құны 170 миллион теңге. Биыл облыста бастау алған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Өтек ауылында «наубайхана», «қоғамдық монша», «құс азығын дайындау шағын цехы», «машина жөндеу станциясы», «мал сою алаңы» «шұбалшын өсіру» өсімдік шаруашылығы  және де құс шаруашылығы секілді көптеген  жобалар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда Өтек ауылдық округінде 54 шаруа қожалығы мен 16 жеке кәсіпкер тіркелген. Ауылда наубайхана, 2 дүкен, шаштараз, тігін тігу цехы жұмыс істейді. Шаруа қожалықтар асыл тұқымды ірі-қара, ұсақ мал және егін егумен айналысады», - деді ауыл әкімі.

Серіктес жаңалықтары