$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Барлық өңірде желілік мектептер ашылады - «AMANAT» депутаты Жұлдыз Сүлейменова

Заң жобасына арнайы ұғым енгізу де жоспарланып отыр

Барлық өңірде желілік мектептер ашылады - «AMANAT» депутаты Жұлдыз Сүлейменова
Фото: aikyn.kz

«AMANAT» партиясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова білім саласындағы бастамалар жайлы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда: «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет. Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек», - деп, білім экономикасындағы жаңа міндеттерді айқындады», - деді Сүлейменова.

Жұлдыз Сүлейменова Парламент «желілік мектептер» ұығымын заңға енгізуді ұсынғанын айтты.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2023-2027 жылдары барлық өңірде Абай атындағы гуманитарлық мектептер, О.Жәутіков атындағы IT мектептер, Қ.Сәтбаев атындағы техникалық мектептер желісін ашу жоспарланып отыр. Аталған желілік мектептер оқушылардың бойында лингвистикалық-гуманитарлық білімді, инженерлік-техникалық құзыреттіліктерді, STEAM оқытуды, еңбек нарығының сұраныстарына сай кәсіби бағдарды дамытуы қарастырылады. Осыған орай, Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары ретінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында бастамашылықпен «желілік мектептер» ұғымы заңға енгізілуде», - дейді депутат Сүлейменова.

Депутат бірқатар университеттің қаржылық мәселесін шешуде Үкімет арнайы қаулы қабылдау керегін айтты.

«Депутаттық сауалдың толық мәтіні қосымша жолданады. AMANAT партиясы фракциясы Абай атындағы гуманитарлық мектептер, О.Жәутіков атындағы IT мектептер, Қ.Сәтбаев атындағы техникалық мектептер желісіннің инфрақұрылымдық, білім беру мазмұны, бағдарламалар, ұстаздардың біліктілігін арттыру, академиялық еркіндік және қаржылық мәселелерін шешу мақсатында Үкімет арнайы Қаулы қабылдауы қажет деп санайды», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

Серіктес жаңалықтары