13.09.2023, 07:08
Қоғам
Шымкенттегі көпқабатты үйдің подъезінен ер адамның мәйіті табылды
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото: kaz.zakon.kz
Шымкенттегі Темірлан тасжолындағы №43/А көпқабатты үйдің подъезінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғындар 35 жастағы ер адамның мәйітін 12 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында тауып алып, кейін полицияға хабар берген.
Бұған қатысты 31 жастағы күдікті ұсталды. Екі ер адам подъезде кездескен. Екеуі бір әйелдің пәтеріне қарай бет алған. Кейін жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан. Бірнеше соққыдан кейін жәбірленуші мерт болған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Нақты жазаны сот тағайындайды.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты