$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.09.2023, 05:49
Қоғам

Ел аумағында қар түсіп, қатты жаңбыр жауады

Синоптиктер бүгінгі ауа райына болжам жасады

Ел аумағында қар түсіп, қатты жаңбыр жауады
Фото: yarnovosti.com

Синоптиктер Қазақстанда 12 қыркүйек күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Болжам бойынша, ел аумағына қар түсіп, қатты жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы да мүмкін.

«Терең, белсенді циклон және онымен байланысты фронтальды учаскелер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың орталығында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін. Жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша екпінді жел, солтүстік пен солтүстік-батыста тұман, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы, орталықта, шығыста, Қызылорданың оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында өте жоғары өрт қаупі, батыс пен оңтүстікте жоғары өрт қаупі бар.

Павлодардың оңтүстігінде, Қарағандыда, солтүстігінде, Түркістан облыстарының шөлді аймақтарында жоғары өрт қаупі болады.

Серіктес жаңалықтары