10.09.2023, 16:35
Қоғам
Өскеменде көпқабатты үйге қасақана өрт қойылған
Зардап шеккендер жоқ
Фото: ТЖД
Облыс орталығындағы Қабанбай батыр көшесінде алты қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына құтқарушылар жедел жеткен.
«Өрт сөндірушілер келген бойда үшінші қабаттағы пәтерді қою қара түтін басқанын көрді. Ең алдымен олар автосатының көмегімен 15 тұрғынды, оның ішінде 4 баланы құтқарды», - делінген хабарламада.
Өрттен зардап шеккендер жоқ.
«34 адам эвакуацияланды, оның ішінде алтауы бала. 40 шаршы метрді шарпыған тілсіз жауды ауыздықтауға 10 техника және жеке құрамнан 42 адам жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, біреу пәтерге қасақана өрт қойған.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды