Екібастұзда сауда үйі өртенді
Сағат 09:08-де өрт сөндірілді. Өрттің алдын-ала себебі анықталу үстінде
Екібастұзда MAXI MALL сауда үйі өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Өрт туралы хабарлама шұғыл байланыс желісіне 10 қыркүйекте сағат 08:00-де келіп түскен.
«Оқиға орнына 6 техника мен жеке құрамнан 30 адам дереу аттанды. Үшінші қабатта балалар киімдері мен ойыншықтар сататын бутиктің 50 шаршы метр, сондай-ақ әйелдер іш киімдерін сататын бутиктің 7 шаршы метр аумағы өртенгені анықталды. Жалпы қызыл жалын 57 шаршы метр аумаққа тараған», делінген Павлодар облысы ТЖД хабарламасында.
Өрт сөндірушілер төрт адамды эвакуациялады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сағат 09:08-де өрт сөндірілді. Өрттің алдын-ала себебі анықталу үстінде.