ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус анықталды

​СІМ Франциядағы қазақстандықтарды консулдық есепке тұруға шақырады

Франция COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші ондыққа кіреді

Франциядағы қазақстандықтардың негізгі санаттары – жоғары оқу орындарының студенттері (171), соның ішінде «Болашақ» және «Абай-Верн» бағдарламаларымен және жеке бастамамен оқып жүргендер, француз компаниялары мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, онда ұрып азаматтар мен жанұяларының мүшелері. Париждан бөлек отандастарымыз Лион, Страсбург, Гренобль, Монпелье, Лилль және тағы басқа қалаларда тұрады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.

«Екі мемлекет арасындағы тікелей әуе қатынасы тоқтатылғаннан бері (6 наурыздан бастап) Елшілік Қазақстанға, негізінен «Белавиа» және «Аэрофлот» компанияларының рейстерімен, 50-ден астам отандасымыздың және басқа да елдерден транзитпен келе жатқан бірқатар қазақстандықтың елге оралуына жәрдемдесті», - делінген ресми хабарда.
 

Франция үкіметі 12 наурызда тұрғындардың жүруіне қатал шектеулер енгізгеннен кейін елшілік отандастардың сұрақтарына дер кезінде жауап беру мақсатында тәулік бойы істейтін «жедел желі» ашып, әлеуметтік желілерде ақпараттық және түсіндірме жұмысын күшейтті.

Отанға оралу немесе Франциядағы қазіргі тұрып жатқан орнында оқшаулану туралы шешімді әрбір қазақстандық жеке өзі қабылдайды.

«Елшілік қызметкерлері Франциядағы отандастар «санағын» жүргізуін жалғастырып, оларда туындап жатқан мәселелерді зерделеуде. Осы орайда аталған мемлекетте уақытша немесе тұрғылықты тұрып жатқан барлық Қазақстан азаматтарын консулдық есепке тұруға шақырамыз. Бұл халықаралық қағида бірінші кезекте төтенше жағдайларда қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге бағытталған», - деп хабарлайды СІМ.