04.09.2023, 15:01
Қоғам
Қазақстан тұрғындарының орташа жасы қанша – статистика
Орта жас өсімі ерлер мен әйелдер арасында да байқалған
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Қазақстандықтардың орташа жасы 2023 жыл басына 32,1 жасты құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық статистика бюросы еліміз тұрғындарының орташа жасы 2018 жылдан бастап аздап артқаннын мәлімдеді.
«Орта жас өсімі ерлер мен әйелдер арасында да, ауыл мен қала тұрғындары арасында да байқалған. Жыл басындағы ерлердің орташа жасы 30,5 жас болса, әйелдерде – 33,7 жас. Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары, сәйкесінше 32,6 және 31,5 жас», - делінген бюро хабарламасында.
Өңірлер арасында ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 38,9 жас,ең төменгі орташа жас Маңғыстау және Түркістан облыстарында – 27,6 жастан тіркеліп отыр.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
