Тоқаев ауыр және зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем беруді тапсырды
Бұл төлем 55 жастан асқан азаматтарға беріледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр және зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем беруді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде өндірісте жарақат алу көрсеткіші әлі де жоғары болып тұр. Ал зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтарды қолдау мәселесі бұрыннан бері талқыланып келеді. Бүгінде оның шешімі табылды.
«Өз саласына сіңірген үлесін және денсаулығына келген зиянын ескере отырып, ондай жұмысшыларға зейнет жасқа жеткенге дейін 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем берілетін болады. Парламентті үкіметтің ұсынысын тездетіп қарауды сұраймын. Адамдар осы мәселенің шешімін күтіп отыр», - деді Тоқаев бүгінгі Жолдауда.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жылдың аяғына дейін 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдауды тапсырды.