17.08.2023, 21:39
Қоғам
Екі емес, бір кеншінің денесі табылды – әкімдік
Қарағанды облысында 170 метр тереңдікте болған өрт бір кеншінің өмірін қиды, тағы төртеуі әлі табылған жоқ
Фото: inform.kz
Қарағанды облысының әкімдігі өрт шыққан шахтадан 2 емес, 1 кеншінің денесі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әкімдіктің мәліметінше, мәйіт табылған жерге екі жақтан екі іздестіру тобы барған. Әрқайсысы өз есебін жібергендіктен, бір емес, екі мәйіт табылғаны туралы қате ақпарат тарап кеткен.
Еске сала кетейік, «Қазақстан» шахтасынан екі кеншінің мәйіті табылғаны хабарланған болатын.
17 тамызда сағат 10:05-те «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртенді. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кетті. Оның төртеуі әлі іздестіріліп жатыр.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады