Үзіліссіз бір тәуліктен артық жасалатын операциялар да бар - ҚР ПІБ Медорталығының нейрохирургі

Azattyq Rýhy

Мыңжылқы Бердіқожаевтың еңбек жолында ең ұзақ жасаған операциясы шамамен 12 сағатқа созылған

Үзіліссіз бір тәуліктен артық жасалатын операциялар да бар - ҚР ПІБ Медорталығының нейрохирургі

«Мың болғыр, Мыңжылқы» деп халықтың батасын алып жүрген, елімізде және шет мемлекеттерде мыңдаған күрделі операция жасаған нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаевтың операциядан кейінгі «демалу» тәсілі әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Күрделі операциядан шыққан нейрохирург дәрігерлер бөлмесінде диванның үстінде отырған күйі ұйықтап кеткен. Бұл ақ халаттылардың арасындағы үйреншікті жағдай.

Мыңжылқы Бердіқожаевтың еңбек жолында ең ұзақ жасаған операциясы шамамен 12 сағатқа созылған.

«Бір қыз бала түсті, басында екі аневризма бар екен. Артериясын жауып, күретамырға қосымша тамыр тіктік. Бәрі сәтті аяқталды. Операциядан кейін белім қарысып, орнымнан тұра алмай қалдым», – дейді ҚР ПІБ Медорталығы хирургия жөніндегі директорының орынбасары.

Хирургтың айтуынша, әріптестерінің арасында бір тәуліктен артық операция жасағандары да бар.

«Операция үстеліна ауыр жағдайда келетін науқастар болады. Сосын, ота жасап жатқан кезде жоспарды ауыстыруға тура келетін «форс-мажор» болуы да ықтимал. Осы жағдайлар да өте қиын болады. Мұндай операциялар екі-үш сағатқа созылса да, адамды қатты шаршатады. Бүкіл күш-қуатыңды сол екі-үш сағат ішінде жұмсап жіберуің мүмкін»,– дейді жоғары санатты нейрорхирург.

Мыңжылқы Бердіқожаевтың айтуынша, дәрігерлердің отбасына да оңай емес. Жұмыста ұзақ уақытын өткізеді, аяқ астынан басқа қалаларға ұшатын сәттері көп болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.