$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кәсіби спортшы блогер Әсел Асқарды жаттығу залында соққыға жыққан

Ол Медеу ауданының полиция бөліміне арыз қалдырды

Кәсіби спортшы блогер Әсел Асқарды жаттығу залында соққыға жыққан

Блогер Әсел Асқар Алматының жаттығу залдарының бірінде грек-рим күресі палуанынан бірнеше соққы алғанын жазды, деп хабарлады Azattyq Ruhy. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Оның айтуынша, ер азамат мобилографтың оны түсіргеніне наразылық білдірген.

«Мен оған сізді ешкім түсіріп жатқан жоқ деп түсіндірдім. Ол менің ашумен айтқан сөзімді көтере алмай қасыма келіп, бірнеше рет соққы жасады. Сол жерде тұрған 3 қызға қоқан-лоққы көрсетіп, қорқытты. Ол кәсіби спортшы болғандықтан, мен алған соққыдан зардап шектім. Кейін оқиға орнына анам келді. Ол анамды да менсінбей, «сөйлесетін еркек жоқ па?» деп біздің жеке басымызға өтіп, балағат сөздерді айтты», - деді дейді Әсел Асқар.

Блогер атағандай, болған оқиғадан кейін ол жедел жәрдем көлігін шақыртып, кейін Медеу аудандық полиция департаментіне барып арыз жазған. Әселдің айтуынша, кәсіби спортшы өте ауқатты және жазадан сытылып кетуі де мүмкін.

«Ол баратын жаттығу залда VIP клиент, яғни 3 млн теңге төлеп отыр. Астындағы көлігі де қымбат. Сол үшін де ешкімнен қорықпайды. Тіпті, менен кешірім де сұрамады. Ол осыған дейін «бұзақылық» бойынша істі болғандығы да анықталды. Қыруар ақшасы болғандықтан, жазадан құтылып кететініне сенімді болып отыр. Мен заң аясында оның жазаланғанын қалаймын», - деп блогер үндеу жасады.

Оның айтуынша, Қазақстанда ешбір әйел зорлық-зомбылыққа ұшырамауы керек. Заң оларды толық қорғау керек.

Блогердің үндеуіне Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов іс назарға алынғанын айтып, жауап берді.

Бұл оқиғаға қатысты құқық қорғаушы Дина Таңсәрі пікір білдірді.

«Миллиондаған оқырманы бар блогерлер өз аккаунттарында кем дегенде екі айда бір рет әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жайлы жазса, елдегі жағдайды түбегейлі өзгерте алады.  Қоғамдық айыптау түрме жазасынан гөрі қорқынышты, агрессорлар егер олар осылай жасаса, достары мен таныстарының, құрметті адамдарының қолдауын таба алмайтынын түсінуі керек.

Күн сайын қанша әйел ұрып-соғуға, қудалауға ұшырайтыны туралы ойланыңыз, өйткені кез келген сәтте Әселдің орнында сіздің қызыңыз немесе әпкеңіз, сіздің анаңыз немесе әйеліңіз болуы мүмкін, Қазақстандағы агрессиядан ешкім сақтандырылмаған», - деп жазды ол.

Таңсәрі атағандай, елімізде жәбірленушілерге қарағанда агрессорлар көбірек қорғалады. Себебі заңды жазатын агрессорлардың өзі.

Серіктес жаңалықтары