12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар
«Қазгидромет» РМК синоптиктері республиканың 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың батысында, шығысында 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Жетісу облысының батысында жоғарғы өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с болады.
Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман. 17-18 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.