$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.03.2020, 16:07
Қоғам

28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан маңындағы елді мекендерге баратын автобустар тоқтатылады

Карантин салдарынан Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоғамдық көліктердің жүру кестесі өзгертіледі

28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан маңындағы елді мекендерге баратын автобустар тоқтатылады
көрнекі фото: Батыржан Беспаев

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға арналған жедел штабтың шешімімен 2020 жылғы 26 наурыздан бастап қоғамдық көліктің жұмыс кестесі өзгереді. Қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі енді 21:00-ге дейін емес, 19:00-ге дейін болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі хабарлады.

Сонымен қатар, 28 наурыздан бастап карантиндік аймаққа кіретін қала маңындағы барлық бағыттар тоқтатылады. Ол Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы. Алтынсарин, Нұрлы ауылдары (№№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326).

Оған дейін, 21 наурыздан бастап карантин аймағына кірмейтін қала маңындағы Ақмол, Қабанбай батыр, Р. Қошқарбаев, Максимовка, Воздвиженка, Аршалы, Жалтыркөл, Софиевка, Малотимофеевка және Шұбар (№№ 300, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317 и 318) ауылдарына автобустар тоқтатылды.

Шектеу шаралары мен өзгерістер карантин аяқталғанға дейін енгізіледі.

«Бүгінгі күнге автобуста қолма-қол ақысыз төлем жасау 98%-ды құрайды. COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында жолаушыларға ақысыз төлем түрлеріне өтуге кеңес беріледі. Барлық тарифтік жоспарларды және көліктік карталарды біздің кассаларымыздан, RTVM-автоматтарынан, лезде толтыру пунктерінен және City Transportation Systems қашықтық сервистерінен толықтыруға болады. Қашықтан толтыру орындарын, сонымен қатар SMS және QR талаптары www.transcard.kz сайтында көрсетілген. Карантиндік шаралар қатаңдатылған жағдайда, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға арналған жедел штабымен қоғамдық көлікті толықтай тоқтату туралы мәселе көтерілуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары