15.08.2023, 20:09
Қоғам
Гавай аралында із-түзсіз жоғалғандар саны 1300-ге жуықтады
Күн сайын 10-20 шақты өрт құрбаны анықталып жатыр
Гавайидағы Мауи аралында орман өртінен қаза тапқандар саны 99-ға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ИнформБюро сайтына сілтеме жасап.
Тілсіз жау 12 мыңнан астам тұрғыны бар Лахайна қаласын толық шарпыған. Бұл жердің күлі көке ұшты. Бәрі өртке оранды. Құрбандардың нақты санын, жеке басын анықтау әзірге мүмкін болмай тұр, - деді штат губернаторы Джош Грин.
Оның айтуынша, оқиға салдарынан қанша адам зардап шеккенін анықтауға 10 күндей уақыт кетеді.
Бүгінде құтқару қызметі қызыл жалынға орнаған аумақтың 25 пайызын ғана бақылап үлгерген. Көрсеткіш көңіл құлазытады. Күн сайын 10-20 өрт құрбаны анықталып жатыр.
Көп оқылған
12.09.2026, 08:54
Тоқ соқты ма, әлде инсульт па: Атырау облысында медпункт күзетшісі жұмбақ жағдайда көз жұмды
12.09.2026, 20:18
Павлодарда аспаздың қолын қамыр илейтін құрылғы тартып әкетті (ВИДЕО)
12.09.2026, 07:26
Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: бірқатар өңірде жаңбыр жауады