Елімізде алименттен жалтарғандардың берешегі 10 млрд теңгеге жетті

Azattyq Rýhy

Жұмысты жүйелеу үшін борышкерлердің төлем операциялары қатаң бақылауға алынады

Елімізде алименттен жалтарғандардың берешегі 10 млрд теңгеге жетті
Фото ашық дереккөзден

Ел бойынша алименттен жалтарғандардың балалары алдындағы берешегі 10 млрд теңгеге жетті. Қазір 14 мыңнан астам іс сот орындаушыларының қарауында жатыр. Бұл туралы Өскемен қаласына жұмыс сапарымен барған Әділет министрі Азамат Есқараев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Жұмысты жүйелеу үшін борышкерлердің төлем операциялары қатаң бақылауға алынады. Әсіресе жалақы құжаттары тексеріледі. Сонымен қатар қала-аудан әкімдіктерімен жұмыссыз жүрген алимент төлеушілерді еңбекпен қамту шаралары қолға алынады. Осы күнге дейін ел Шығысында 43 ата-анаға тұрақты жұмысқа орналасу ұсынылған.

«Әділет органдары тарапынан нақты шаралар қабылдап, не әкімшілік жауапкершілікке не қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдап жатырмыз және алимент бойынша қарыздарды төлеткізіп, бала-шағасын нақты деңгейде, сәйкес деңгейде материалдық қаржы-қаражатпен қамтамасыз ету бойынша мәселелерді қарастырып жатырмыз», - деді ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.