Төтенше жағдайлар министрі Алматы облысында балаларды құтқару кезінде қайтыс болған тұрғынның отбасын марапаттады

Azattyq Rýhy

Марқұм Рауан Бірқұрманов «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды

Төтенше жағдайлар министрі Алматы облысында балаларды құтқару кезінде қайтыс болған тұрғынның отбасын марапаттады

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов балаларды құтқару кезінде қаза тапқан Алматы облысы тұрғынының отбасын марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қайғылы жағдай 7 шілдеде болған. Бірқұрманов Рауан отбасымен Алматы облысы Қарасай ауданы Исаево ауылының жанындағы тоғанға барған. Осы уақытта 10-12 жастағы балалар ата-аналарының қарауынсыз суға шомылған және кенеттен ол балалардың суға бата бастағанын байқап қалады. Рауан киімімен көмекке асығып, ұл мен қызды шығарып алды. Әрі қарай ол тағы екі баланы құтқаруға тырысқан. Оларға қарай сүңгіп кетіп, енді қайтып оралған жоқ.

«2023 жылдың 10 тамызында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде Бірқұрманов Рауанның отбасымен кездесіп, қайтыс болғаннан кейін өз өмірін құрбан етіп, балалардың өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады», - делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.