Биыл елордада мерзімінен бұрын босатылған 18 қылмыскер түрмеге қайта оралды

Azattyq Rýhy

Әкімшілік қадағалау режимін бұзғаны үшін 32 істі азамат жауапқа тартылды

Биыл елордада мерзімінен бұрын босатылған 18 қылмыскер түрмеге қайта оралды
Фото ашық дереккөзден

Елордада істі болып, жазасын өтеп шыққандар арасында қылмысқа қайта бару фактілері тіркелді. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Биыл 7 айдың қорытындысы бойынша 10 мың тұрғынға шаққанда және өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда қылмыс индикаторы 6,5%-ға төмен. Бұл жерде сервистік тәсілді енгізу мен ілгерілетуге баса назар аударылады. Жыл басынан бері істі болып, бірақ жазасын толық өтемегендер қайтадан 479 қылмыс жасады. Оның ішінде 250-і пробация қызметі есебінде тұрған», - деді Арман Айтмағамбетов қалалық мәслихатта өткен отырыста.

Оның айтуынша, сотталғандардың қайта қылмыс жасауға қайта бармауына жол бермеу бағытында кешенді іс-шара іске асырылып жатыр.

«Жыл басынан бері шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 18 қылмыскер түрмеге қайта оралды. Сондай-ақ, 45 айыптыға қатысты әкімшілік қадағалау белгіленді. Әкімшілік қадағалау режимін бұзғаны үшін 32 істі азамат жауапқа тартылды. Талдау нәтижесі көрсеткендей, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандардың көбі мүліктік, соның ішінде ұсақ ұрлыққа жиі барады», - дейді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.