$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.08.2023, 22:53
Қоғам

ДДСҰ әлемде COVID-19-ды жұқтырушылар саны күрт артқанын мәлімдеді

Аталған ұйым мемлекеттерді ауруға қарсы құрған инфрақұрылымдарды әлі сақтауға шақырады

ДДСҰ әлемде COVID-19-ды жұқтырушылар саны күрт артқанын мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 13-30 шілде аралығында әлемде миллионнан астам адам коронавирус инфекциясына шалдығып, аталған ауруды жұқтырған 3 мыңнан аса адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azatyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ақпараттық үн парақшасында инфекцияны жұқтырушылар саны алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда 7%-ға өсіп, өлім-жітім саны 53%-ға азайғаны көрсетілген. 

COVID-19 әлі де күшінде екені нақтыланады, соған байланысты аталған ұйым мемлекеттерді ауруға қарсы құрған инфрақұрылымдарды әлі сақтауға шақырады.

«Әлемде төрт апта ішінде 1 008 194 инфекция жұқтыру және 3 132 кісі өлімі тіркелді. Төтенше жағдай режимінің аяқталуына қарамастан, COVID-19 әлі де үлкен қауіп ретінде саналады. Қадағалау, есеп беру, коронавирус дертінің алдын алу, ерте клиникалық көмек көрсету, жоғары қауіпті топтарға жататындарға қайта вакциналау жүргізу өте маңызды», делінген ДДСҰ хабарламасында.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы доктор Тедрос Адхан Гебрейесус 2023 жылдың 5 мамырында COVID-19 пандемиясының аяқталғанын жариялады.

Серіктес жаңалықтары