Экоорталық, өңірге маман тарту – Ақтөбедегі хал-ахуал айтылды
Экоорталық базасына 4 бірлік медициналық жабдық сатып алынады
Ақтөбе қаласында Экоорталық базасын жаңа модельді әмбебап инкубаторлармен қамтамасыз ету қолға алынды. Жыл соңына дейін 4 бірлік медициналық жабдық сатып алынады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Amanat партиясының Ақтөбе облыстық филиалына сілтеме жасап.
«Облысымызда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру Жол картасы аясынданда орындалады. 2023-2027 жылдары денсаулық мекемелеріне 400 бірлік медициналық жабдықты сатып алу жоспарланып отыр. Оның ішінде биыл 94 бірлік медициналық жабдық сатып алынады. Орындау мерзімі 2023 жылдың соңына күтіледі», - делінген хабарламада.
Ал, өңірлерге жас мамандарды тарту үшін көтерме жәрдемақы мөлшерін ұлғайту мәселесі де өткір тұр.
«Дипломмен ауылға!» әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарына жұмыс істеуге келген мемлекеттік қызметшілерге ауылдық елді мекендерде тұру үшін биыл 195 маманға 1 млрд.теңге және 635 маманға 219 млн. теңге көтерме жәрдемақы бөлу қарастырылған», делінген хабарламада.
2023 жылғы 1 сәуірдегі есеп бойынша, 69,3 млн.теңге сомасына 196 көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде:
• білім беру саласына – 160 арнайы жәрдемақы;
• денсаулық сақтау саласына – 27 арнайы жәрдемақы;
• мәдениет саласына – 5 арнайы жәрдемақы;
• спорт саласына – 2 арнайы жәрдемақы;
• агроөнеркәсіптік кешенге - 2 арнайы жәрдемақы;
• мемлекеттік қызметшілерге - 5 арнайы жәрдемақы бөлінген.
2023 жылғы 1 маусым бойынша, 121,4 млн. теңгеге 345 көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде:
• білім беру саласына – 284 арнайы жәрдемақы;
• денсаулық сақтау саласына – 39 арнайы жәрдемақы;
• мәдениет саласына – 13 арнайы жәрдемақы;
• спорт саласына – 7 арнайы жәрдемақы;
• агроөнеркәсіптік кешен саласына - 2 арнайы жәрдемақы;
• мемлекеттік қызметшілерге - 7 арнайы жәрдемақы бөлінген.
Ал, бюджеттік кредиттерді төлеу шілде айынан бастап жоспарланған.