04.08.2023, 20:06
Қоғам
Павлодарда итін көлігіне байлап тізгіндеген жүргізуші ұсталды
Иттің иесіне әкімшілік хаттама толтырылды
Фото: Zakon.kz
Павлодарда итін көлігіне байлап тізгіндеген жүргізуші ұсталды, ол жоғалған итін үйіне апармақшы болған, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 3 тамызда Павлодар облысының Жаңауыл кентінде болған.
«Иесінің айтуынша, ит жоғалып кеткен. Оны бір айдан кейін ғана тапқан және үйіне апарғысы келген. Ит бой бермегендіктен азамат оны көліктің салонына отырғыза алмаған. Сондықтан итті көлікке байлап, үйіне жеткізген», делінген хабарламада.
Ит иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-2-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы бап бойынша ит иесі 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл төлеуге тиіс.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды