$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2023, 20:12
Қоғам

Бас прокуратура АИТВ жұқтыруына байланысты еліміздің медициналық мекемелерін тексеруді тапсырды

Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша шаралар қабылдануда

Бас прокуратура АИТВ жұқтыруына байланысты еліміздің медициналық мекемелерін тексеруді тапсырды
Фото: Zakon.kz

Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында үш пациенттің АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 118-бабының 3-бөлігі (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша шаралар қабылдануда. Қазақстанда соңғы 10 жылда медициналық мекеме жағдайында вирусты жұқтыру алғаш рет тіркелді.

Сондықтан мұндай фактілердің алдын алу мақсатында Бас прокуратура Денсаулық сақтау министрлігіне стационарлық, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ведомстволық бағынысты медициналық мекемелерде кешенді тексерулер жүргізу туралы талап жіберді.

Бірінші кезеңде 549 медициналық мекемені тексерулермен қамту жоспарлануда. Бұл мәселе Бас Прокурордың ерекше бақылауында.    

Серіктес жаңалықтары