$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2023, 11:44
Қоғам

Трамп 500 жылдан астам уақытқа түрмеге қамалуы мүмкін екенін айтты

АҚШ-тың экс - президенті қаражат жинау туралы хатында Әділет министрлігін «жемқор» деп атаған, бұл айыптау «заңсыз»

Трамп 500 жылдан астам уақытқа түрмеге қамалуы мүмкін екенін айтты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп оның атына тағылған айыптар бойынша 561 жылға бас бостандығынан айырылатынын айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Әділет министрлігі маған тағы да заңсыз айып тағып отыр. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, 561 жылға бас бостандығынан айырыламын», - деп атап өтті Трамп.

Басылым АҚШ-та сотталушылар барлық айып бойынша ең жоғары мерзімге сирек сотталатынын және әртүрлі қылмыстар бойынша мерзімдер қатар жүруі мүмкін екенін жазады.

Естеріңізге сала кетейік, Трампқа сайлау қарсаңында 2020 жылғы сайлау нәтижелерін жою әрекеті үшін айып тағылды.

Маусым айында АҚШ Әділет министрлігі Трампқа қатысты құпия құжаттарды дұрыс пайдаланбау туралы 37 тармақтан тұратын айыптау актісін жариялады. Сәуірде АҚШ-тың экс-Президентіне 34 бап бойынша айып тағылды.

Сондай-ақ, АҚШ Әділет министрлігі бұрынғы президентті 2021 жылдың қаңтарында Капитолийге шабуыл жасады деп айыптады.

Серіктес жаңалықтары