Депутат ауыл балаларына арналған ойын алаңын салуға бастамашы болды

Azattyq Rýhy

Алаң қазіргі заманғы қондырғылармен жабдықталған

Депутат ауыл балаларына арналған ойын алаңын салуға бастамашы болды

Павлодар облысында «AMANAT» фракциясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Виталий Соломкин Шарбақты ауданынының балалары үшін үлкен мереке сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бастама «Бақытты отбасы» партиялық жобасы және «Балаларымыз-аманатымыз» республикалық акциясының аясында жүзеге асырылды.

Алдымен Виталий Соломкин Шалдай ауылында балаларға арналған ойын алаңын жергілікті тұрғындарға сыйға тартып, салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Жалпыхалықтық референдум өткізу кезінде ауыл тұрғындары Виталий Соломкиннен ойын алаңын салып беруді сұраған болатын. Көп ұзамай шалдайлықтар үшін ойын алаңы ашылып, Витилий Соломкин олардың бұйымтайын орындады.

Ойын алаңында қалалық алаңдардан кем түспейтін заманауи жабдықтар орнатылған.

Алаңда тартан жабыны, үш көше тренажері, көлденең жолақтар, ойын формалары, әткеншектер бар. Сондай-ақ шалдайлықтардың ыңғайлығы үшін алаңды көгалдандырып, орындықтар, урналар қойылып, балалардың қауіпсіздігі үшін қоршау орнатқан.

Жергілікті тұрғын Салтанат Есімқанова Виталий Соломкинге ауылдың барлық тұрғыны атынан, балалары осы алаңда қуана уақыт өткізетін жас аналардың атынан алғысын білдірді.

«Шынымен, бұл кісі жаны абзал, ісі адал адамдардың қатарында. Бүгінгі күн ауыл тұрғындары үшін, мен сияқты аналар үшін ұмытылмайтын күн.  Балалардың белсенді демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті, балалардың қауіпсіздігі үшін жабын бар. Өткен жылы біз бұл мәселені көтерген кезде Витилий Вячеславович жай ғана назарына алған болатын. Міне, бізге үлкен бақыт сыйлап, осы алаңды сыйға тартты», - деді жас ана.

Сонымен қатар барлық балаға балмұздақ, шырындар мен шоколад тегін таратылған.

«Мен Шалдай ауылында заманауи ойын алаңының пайда болғанына өте қуаныштымын. Енді кез келген уақытта ата-аналар балаларымен бірге осында келіп, бос уақыттарын өткізе алады. Мұнда мектепке дейінгі және мектепте оқып жүрген барлық бала үшін қызықты болады деп сенемін», - деді құттықтау сөзінде Витилий Соломкин.

Халық қалаулысының Шарбақты ауданына игі ісі көп. Виталий Соломкин Шарбақты психикалық-педагогикалық түзету кабинетіне барып, тәрбиеленушілерге балалар стационарлық велосипедін, бизибордты, құммен жұмыс істеуге арналған жеңіл музыкалық панельді, бактерицидтік сәулелендіргішті сыйға тартты. Сондай-ақ Шарбақты ауылының отбасылық үлгідегі балалар үйінде екі спорттық велосипед таныстырылды.

Осыған дейін, депутаттық фракцияның мүшесінің демеушілік көмегі аясында жалпы ауданы 1175 шаршы метр болатын Сахновка ауылы орта білім беру мектебінің алаңында асфальт төселген болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.