01.08.2023, 16:24
Қоғам
Өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Alash Pride-87 әлем чемпионы атанды
Спортшы әрқашан рингке Қазақстан ТЖМ туымен шығады
Шымкент қаласында Жекпе-жектен Alash Pride клубының аралас күрес бойынша турнирі өтті, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Турнирде 56 кг салмақта Ерзат Сақабанов өнер көрсетіп, басты қарсыласы Д.Махабаджановпен күресті. Күрес өте қызықты да, тартысты өтті, барлық қатысушылар өнерлерін көрсетті. Осындай қызу тартыс нәтижесінде Ерзат Сакабанов әлем чемпионы атанды.
Спортшы әрқашан рингке Қазақстан ТЖМ туымен шығады, ол адамдарға көмекке келіп, өрт сөндіруге қатысатынын мақтан тұтады. Ерзат ШҚО ТЖД Өскемен қаласы 9 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау сержанты.
«Басшылық әрқашан спортшыларға қолдау көрсетеді, жеңістің оңай еместігін түсінеді», - деп чемпион атап өтті.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды