$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2023, 23:31
Қоғам

Назарбаевтың немересі «Транстелеком» директорлар кеңесін басқарды

«Транстелеком» АҚ (Астана) акционерлердің жалпы жиналысының 2023 жылғы 25 шілдедегі шешімімен компанияның директорлар кеңесін сайлады

Назарбаевтың немересі «Транстелеком» директорлар кеңесін басқарды

Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәли Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесін басқарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Kursiv.kz-ке сілтеме жасап.

«Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған» Транстелеком» АҚ (Астана) акционерлердің жалпы жиналысының 2023 жылғы 25 шілдедегі шешімімен компанияның директорлар кеңесі сайланғанын хабарлады», делінген KASE баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен кеңес директорларының тізімі келесідей: Әлиев Н.Р, Покупателев Д. А, Өтемұрат Б. М, Гумаров Э. М, Ахметжанов А. М, Чеховский В.А, Ибраимов К.

KASE деректері бойынша компания акционерлерге 2022 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлемейді.

Осы жылдың шілде айының басында «Транстелеком» акционерлері 75% үлесі бар «Unit Telecom» ЖШС және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы (25% тиесілі) болды.

Серіктес жаңалықтары