31.07.2023, 23:36
Қоғам
Қызылордалық жігіт сүйген қызына ерегісіп, өзін өртеп жіберді
Оқиға 30 шілдеде болған. Ер адам сүйген қызын қарата алмағанына ашуланған
Қызылордада 37 жастағы ер адам өзін жағып жіберді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 30 шілдеде болған. Ер адам сүйген қызын қарата алмағанына ашуланған. Ол ызаға бой алдырып, үстіне бензин құйып, от қойып жіберген.
«Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр дейді.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды